История колледжа
ДҮНИЕ колледжінің тарихы
ДҮНИЕ колледжі 1986 жылы Ақтөбе «Дүние» университетінің жанынан 22 жыл бұрын ұйымдастырылды. Сонша уақыт білім беру саласында қызықты да мол тарих жинақтады. Қазақстан егемендік алуымен байланысты білім саласында жеке құрылтайшыларға да білім нарығында өз орынын табуға мол мүмкіндіктер туды. Осы оқу комплексінің құрылтайшысы Бутинчинов Ж. Т., педагогика ғылымының кандидаты, профессор, ҚРР жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі. Басшы ретінде Ақтөбеде ашылған оқу орынына таңдаулы педагогика кадрларын тартуға баса назар аударды. Оқу орыны ретінде халықаралық конференцияларға қатысып, Москва, Орынбор, Астана т.б қалалардағы шараларда алған мадақтамалар мен ҚР ғылым және білім Министрлігінен және облыстық басшылықтан алғыс хаттарын алды. Колледждің өсуіне үлес қосқан мұғалімдеріне, ардагер ұстаздарға:
Нурлыбаев К.Р., Бутинчинова А.М, Абдрахманов К.С., Кульбаева Б.С.
Суйеубаев Қ.С., Тлегенов Д.К., Алтынбаев З.Б., Утбанова У.З., Нургазина Н.Н., т.б. үлкен алғыс білдіріп, бас иеміз.
Колледж эмблема тарихы
Әр адам жаратылысында ойшыл, өзіне өзі сұрақ бермейтін адам болмайды. Мен кіммін? Қайдамын? Қайдан шықтым? Айналамдағы адамдар кім? Міне осындай сансыз сұрақтарға жауап табу үшін көптеген білім мен біліктілік қажет.
ДҮНИЕ құрылтайшысы Бутинчинов Ж. Т. Суретші Утегенов Ануармен кездесу кезінде оқу орынының мақсаты мен бағыты туралы сөз қозғап осы мақсаты мен бағыты туралы сөз қозғап осы идеяның оқу орынының эмблемасы гербінде көрініс тапқанына баса назар аударған еді.
Суретші эскиздің үш вариянтын ойлап тауып, кейін солардың біреуі таңдап алынды.
Эмблемада көрініс тапқан ашық кітпа – бұл әлем бейнесі, ал шаңырақ тұрақтылық пен тепе – теңдік символы.
Себебі тепе – тең болмаса шаңырақтың тұрақты болуы екіталай. Сондықтан эмблема біздің басты идеямыз бен алға қойған мақсаттарымызды анық көрсетіп тұр.